Қорлар

Бүгінде ұлттық орталықтың  қоры  9 мыңнан асады. Оның ішінде 2000-ға жуығы ерекше құнды кітаптар. 300-ден астамы ІХ-ХХ ғасырларда жарық көрген араб, парсы, түркі шағатай, көне өзбек, татар тілдеріндегі ойшылдардың, ғалымдардың және басқа да авторлардың сирек кітаптары.

 Сонымен қатар, 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басында төте жазуында, латын графикасында жарық көрген кітаптар; 1880-1916 жылдар аралығындағы Ақмола, Торғай, Сырдария, Орал, Семей, Жетісу облыстары бойынша егіншіліктің, демографияның, мал шаруашылығының және басқа да салалардың дамуын сипаттайтын статистикалық шолулар; Петр I мен Екатерина II тұсында жарияланған және 1830 жылдары қайта шығарылған Ресей империясының заң кодекстері; миниатюралық кітаптар жинағы.

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas