
Ұлыбритания елшілігі орталыққа Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасында сақталған «MS. Arab. c. 90» шифрлы қолжазбаның 44a парағындағы Орталық Азия картасының көшірмесін тапсырды. Бұл артефакт XI ғасырдағы космология мен географияға арналған «Китаб гараиб әл-фунун уа мулях әл-уюн» («Ғылымдардың ғажайыптары мен көз сүйсінерлік нәрселер кітабы») атты анонимді еңбектің жалғыз белгілі нұсқасы саналады.Зерттеушілердің пайымдауынша, қолжазба XII ғасырдың…