• All Post
  • Жаңалықтар
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Bilim-Qazyna» қоғамдық қоры мен IRCICA ұйымының бірлескен жобасы аясында қазақ тіліне аударылған «Осман мемлекеті және өркениеті тарихы» атты екі томдық іргелі еңбектің салтанатты тұсаукесері өтті.

24/05/2026/

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Bilim-Qazyna» қоғамдық қоры мен IRCICA ұйымының бірлескен жобасы аясында қазақ тіліне аударылған «Осман мемлекеті және өркениеті тарихы» атты екі томдық іргелі еңбектің салтанатты тұсаукесері өтті. 1299–1923 жылдар аралығындағы Осман мемлекетінің алты ғасырлық тарихы мен өркениетін қамтитын еңбек. Қазақ тілді ғылыми-танымдық әдебиеттің қорын байытып, тарих пен өркениеттің шынайы…

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Реставрация және консервация бөлімінің басшысы А.Тастемирова көне қолжазбаларды қайта қалпына келтіру жұмыстарының ерекшелігі, сирек мұраларды сақтаудағы заманауи технологиялардың рөлі, реставратор мамандығына тән кәсіби жауапкершілік туралы ойымен бөлісті.

24/05/2026/

Историческая память страны хранится не только в музеях и архивах, но и на страницах редких рукописей, старинных книг и уникальных письменных памятников, дошедших до наших дней спустя столетия. Сохранение этих документов требует не только бережного отношения, но и большой научной, реставрационной и исследовательской работы. Именно реставраторы сегодня становятся теми специалистами, кто буквально возвращает…

Астанада Тәуелсіздік сарайында өткен «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумына Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері де қатысты

19/05/2026/

Астанада Тәуелсіздік сарайында өткен «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумына Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері де қатысты. Халықаралық симпозиумға 300-ден аса шетелдік ғалымдар, сарапшылар мен мемлекеттік қайраткерлер қатысты. Ауқымды жиын еліміздің ұлттық бірегейлігін нығайтуға және Алтын Орда тарихын ғылыми тұрғыдан жаңаша зерделеуге бағытталған. Симпозиумға…

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Реставрация және консервация бөлімінің мамандары Қазақстан ұлттық арнасының «Уақытпен күрескен мұра» атты жобасына арнайы сұхбат берді.

29/04/2026/

Сұхбат барысында орталықтың білікті реставратор мамандары сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру үдерістерінің ерекшеліктері мен маңызын кеңінен таныстырып, мәдени мұраны сақтаудағы реставрация жұмыстарының рөліне тоқталды. Аталған жоба аясында көрермендер тарихи құндылығы жоғары жәдігерлердің сақталу жолдары мен оларды болашақ ұрпаққа жеткізудегі кәсіби еңбектің қыр-сырларымен таныса алады. https://www.youtube.com/watch?v=3BLVOw-do00

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Есепке алу, сақтау және көрме ұйымдастыру бөлімінің басшысы А. Баймағамбетова мен Ғылыми-зерттеу бөлімінің аға сарапшысы А.Тұбышева “Tобыл тынысы” арнасына сұхбат берді.

27/04/2026/

https://www.youtube.com/watch?v=yYvC-3rxwrk Мамандар ұлттық орталық қорында сақталған сирек кітаптар мен қолжазбалардың тарихи-мәдени құндылығына тоқталып, оларды сақтау, қалпына келтіру және ғылыми айналымға енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, сұхбатта орталық қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары да қамтылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-де Ұлттық кітап күніне орай «Шетелдік қорлардағы құнды жазба мұралар» атты каталог-альбомның II томының тұсаукесері, сондай-ақ жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленген жаңа веб-сайттың іске қосылуы өтті.

27/04/2026/

Іс-шараның мақсаты – ұлттық жазба мұраны насихаттау, шетелдік қорларда сақталған сирек қолжазбалар мен кітап мұраларын ғылыми айналымға енгізу, сондай-ақ заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологиялары арқылы мәдени құндылықтарға қолжетімділікті арттыру. Сонымен қатар, қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға ерекше назар аударылды. Каталог-альбомда шетел архивтері мен кітапханаларында сақталған араб, парсы, шағатай, түркі және қазақ…

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ғылыми-зерттеу бөлімінің бас сарапшысы А. Абсаликов «Qazaqstan tarihy» порталына сұхбат берді.

21/04/2026/

Сұхбатта көне қолжазбаларды аударудағы жасанды интеллектіні қолдану туралы сөз қозғалды. https://manuscript.kz/wp-content/uploads/2026/04/videoplayback-2.mp4

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы К.Пәрімбекова мен Есепке алу, сақтау және көрме ұйымдастыру бөлімінің басшысы А. Баймағамбетова «Қайырлы күн, Қызылорда!» бағдарламасына сұхбат берді.

15/04/2026/

Мамандар ұлттық орталықтың негізгі қызметі, құнды қолжазбалар мен сирек кітаптарды сақтау және реставрациялау жұмыстарының барысы туралы баяндады. Аталған сұхбат барысында рухани мұраны насихаттауға бағытталған көрмелерді ұйымдастыру және көне жәдігерлерді заманауи форматқа көшіру мақсатында жүзеге асырылып жатқан цифрландыру жұмыстары кеңінен қозғалды. https://manuscript.kz/wp-content/uploads/2026/04/WhatsApp-Video-2026-04-15-at-14.38.26.mp4

2026 жылғы 6 -10 сәуір аралығында Ресей астанасы Мәскеуде реставраторлар, қор сақтаушылары және құжаттарды консервациялау саласының мамандары үшін маңызды кәсіби іс-шара саналатын «Құжаттарды реставрациялау: дәстүр мен жаңашылдық» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

13/04/2026/

Аталған семинарға «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің Реставрация және консервация бөлімінің басшысы А.Тастемирова, бас сарапшысы С.Ботабеков, суретші-раставраторы Р.Киреева қатысты. Семинар дәстүрлі түрде мәдени мұраны сақтау саласындағы озық тәжірибе алмасуға арналған ең ірі халықаралық алаң болып табылады. Іс-шараның басты ерекшелігі — оның практикалық бағыты. Семинар барысында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Мысыр, Қазақстан, Қырғызстан,…

26–27 наурыз күндері Алматы қаласындағы «Ғылым Ордасы» РМК базасында «Қазақстанның жазба мұрасын сақтау және қалпына келтіру: заманауи тәсілдер мен ғылыми тәжірибе» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

06/04/2026/

Аталған іс-шараға «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің Реставрация және консервация бөлімінің басшысы Алма Тастемірова мен суретші-реставраторы Сырым Ботабеков қатысты. Семинардың мақсаты – сирек кездесетін қолжазбалар мен архивтік құжаттарды сақтау, консервациялау және реставрациялау саласындағы мамандарды біріктіріп, өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ тәжірибе алмасу болды. Семинар «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру…

See More

End of Content.

Most Recent Posts

Category

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas