Жаңалықтар

  • All Post
  • Жаңалықтар
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында реставратормамандарына арналған құжат реставрациясыбойынша кезекті біліктілікті жоғарылату курстары өтті.

29/09/2026/

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында реставратормамандарына арналған құжат реставрациясыбойынша кезекті біліктілікті жоғарылату курстары өтті. https://manuscript.kz/wp-content/uploads/2026/09/IMG_8538.mov 5 күнге жоспарланған біліктілікті арттырукурсында «Реставрацияда қолданылатын құралдар мен материалдар», «Құжаттарды тұрақтандыру», «Дәстүрлі реставрация», «Тігіс тәсілдері мен түптеу негіздері» тақырыптарында дәрістер жүргізілді.Курс аяқталған соң қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

2026 жылғы 23 қыркүйек күні «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-де Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Уақытша сенімді өкілі Даниял Зафар мырзамен кездесу өтті

24/09/2026/

Кездесу аясында Даниял Зафар мырза қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасының бір бөлігін құрайтын құнды сирек қолжазбалар мен кітаптармен, сондай-ақ Ұлттық орталықтың реставрациялау және консервациялау зертханасының қызметімен танысты. Тараптар Пәкістан Ислам Республикасының архивтері мен кітапханаларымен өзара ынтымақтастықты дамыту, тарихи-мәдени мұраны бірлесіп зерттеу және сақтау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, тараптар қолжазбалар мен сирек кітаптарды реставрациялау және…

2026 жылғы 22 қыркүйек күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Шейх Зайд үлкен мешіті орталығының Бас директоры д-р Юсеф Абдулла Аль Обайдли, орталық өкілдері және Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктері Елшілігінің дипломаттарымен кездесу өтті.

24/09/2026/

Кездесу барысында қонақтар Ұлттық орталық қорындағы араб графикасындағы бірегей қолжазбалар мен Құран кітаптарының коллекциясымен танысты. Сондай-ақ реставрация және консервация бөлімінің жұмысымен танысып, құнды қолжазба мұраларды сақтау және қалпына келтіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат алды. Кездесу соңында д-р Юсеф Абдулла Әл Обайдли, ұлттық орталығының Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды. Іс-шара Қазақстан…

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ғылыми-зерттеу бөлімінің бас сарапшысы А. Абсаликов Алтын орда және қазақ хандығы кезеңдерінің мәдени және рухани құндылығы саналатын қолжазбалар мен сирек кітаптардың тарихи және ғылыми маңызы туралы «Жібек жолы” телеканалына арнайы сұхбат берді. Сұхбат барысында ұлттық жазба мұраны сақтау, зерттеу және оны келер ұрпаққа насихаттаудың өзектілігімен бөлісті.

30/07/2026/

https://manuscript.kz/wp-content/uploads/2026/07/Қолжазбалар-және-сирек-кітаптар-ұлттық-орталығы-Ғылыми-зерттеу-бөлімінің-бас-сарапшысы-А.-Абсаликов-Алтын-орда.mp4

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Реставрация және консервация бөлімінің басшысы А. Тастемирова 2026 жылғы 13–24 шілде аралығында Ресей мемлекеттік кітапханасында ұйымдастырылған құжат реставрациясы бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысты.

30/07/2026/

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Реставрация және консервация бөлімінің басшысы А. Тастемирова 2026 жылғы 13–24 шілде аралығында Ресей мемлекеттік кітапханасында ұйымдастырылған құжат реставрациясы бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысты.Оқу бағдарламасына Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген мамандар қатысты. Оқу барысында Ресей мемлекеттік кітапханасының мамандарымен тәжірибе алмасып, құжат реставрациясының озық әдістемелері мен…

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Bilim-Qazyna» қоғамдық қоры мен IRCICA ұйымының бірлескен жобасы аясында қазақ тіліне аударылған «Осман мемлекеті және өркениеті тарихы» атты екі томдық іргелі еңбектің салтанатты тұсаукесері өтті.

24/05/2026/

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Bilim-Qazyna» қоғамдық қоры мен IRCICA ұйымының бірлескен жобасы аясында қазақ тіліне аударылған «Осман мемлекеті және өркениеті тарихы» атты екі томдық іргелі еңбектің салтанатты тұсаукесері өтті. 1299–1923 жылдар аралығындағы Осман мемлекетінің алты ғасырлық тарихы мен өркениетін қамтитын еңбек. Қазақ тілді ғылыми-танымдық әдебиеттің қорын байытып, тарих пен өркениеттің шынайы…

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Реставрация және консервация бөлімінің басшысы А.Тастемирова көне қолжазбаларды қайта қалпына келтіру жұмыстарының ерекшелігі, сирек мұраларды сақтаудағы заманауи технологиялардың рөлі, реставратор мамандығына тән кәсіби жауапкершілік туралы ойымен бөлісті.

24/05/2026/

Историческая память страны хранится не только в музеях и архивах, но и на страницах редких рукописей, старинных книг и уникальных письменных памятников, дошедших до наших дней спустя столетия. Сохранение этих документов требует не только бережного отношения, но и большой научной, реставрационной и исследовательской работы. Именно реставраторы сегодня становятся теми специалистами, кто буквально возвращает…

Астанада Тәуелсіздік сарайында өткен «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумына Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері де қатысты

19/05/2026/

Астанада Тәуелсіздік сарайында өткен «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумына Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері де қатысты. Халықаралық симпозиумға 300-ден аса шетелдік ғалымдар, сарапшылар мен мемлекеттік қайраткерлер қатысты. Ауқымды жиын еліміздің ұлттық бірегейлігін нығайтуға және Алтын Орда тарихын ғылыми тұрғыдан жаңаша зерделеуге бағытталған. Симпозиумға…

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Реставрация және консервация бөлімінің мамандары Қазақстан ұлттық арнасының «Уақытпен күрескен мұра» атты жобасына арнайы сұхбат берді.

29/04/2026/

Сұхбат барысында орталықтың білікті реставратор мамандары сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру үдерістерінің ерекшеліктері мен маңызын кеңінен таныстырып, мәдени мұраны сақтаудағы реставрация жұмыстарының рөліне тоқталды. Аталған жоба аясында көрермендер тарихи құндылығы жоғары жәдігерлердің сақталу жолдары мен оларды болашақ ұрпаққа жеткізудегі кәсіби еңбектің қыр-сырларымен таныса алады. https://www.youtube.com/watch?v=3BLVOw-do00

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Есепке алу, сақтау және көрме ұйымдастыру бөлімінің басшысы А. Баймағамбетова мен Ғылыми-зерттеу бөлімінің аға сарапшысы А.Тұбышева “Tобыл тынысы” арнасына сұхбат берді.

27/04/2026/

https://www.youtube.com/watch?v=yYvC-3rxwrk Мамандар ұлттық орталық қорында сақталған сирек кітаптар мен қолжазбалардың тарихи-мәдени құндылығына тоқталып, оларды сақтау, қалпына келтіру және ғылыми айналымға енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, сұхбатта орталық қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары да қамтылды.

See More

End of Content.

Company

Our ebook website brings you the convenience of instant access to a diverse range of titles, spanning genres from fiction and non-fiction to self-help, business.

Features

Most Recent Posts

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Category

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas