Кездесу барысында қонақтар Ұлттық орталық қорындағы араб графикасындағы бірегей қолжазбалар мен Құран кітаптарының коллекциясымен танысты. Сондай-ақ реставрация және консервация бөлімінің жұмысымен танысып, құнды қолжазба мұраларды сақтау және қалпына келтіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат алды. Кездесу соңында д-р Юсеф Абдулла Әл Обайдли, ұлттық орталығының Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды. Іс-шара Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және қолжазба мұрасын сақтау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.