Кездесу аясында Даниял Зафар мырза қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасының бір бөлігін құрайтын құнды сирек қолжазбалар мен кітаптармен, сондай-ақ Ұлттық орталықтың реставрациялау және консервациялау зертханасының қызметімен танысты.
Тараптар Пәкістан Ислам Республикасының архивтері мен кітапханаларымен өзара ынтымақтастықты дамыту, тарихи-мәдени мұраны бірлесіп зерттеу және сақтау мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, тараптар қолжазбалар мен сирек кітаптарды реставрациялау және консервациялау саласында тәжірибе алмасуға келісті.
Кездесу тарихи-мәдени мұраны сақтау, архивтік материалдарды зерттеу және қолжазбалар мен сирек кітаптарды реставрациялау және консервациялау саласындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту бағытындағы Қазақстан–Пәкістан байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.