2025 жылғы 14 қазан күні Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы Ұлыбритания –Қазақстан қоғамы ұйымдастырған «Whispers of the Steppe: Telling Kazakhstan’s Story Through Rare Manuscripts» атты вебинарға қатысты.

Іс-шара Қазақстанның бай жазба мұрасын, оның мәдени және тарихи мәнін танытуға арналды. Вебинар барысында қатысушылар қазақ қолжазбаларының көркем каллиграфиясы, көркемдік ерекшелігі және Орта Азияның зияткерлік дәстүрлерін түсінудегі маңызы жөнінде пікір алмасты.
Қатысушылар:
Дэвид Харди – Ұлыбритания–Қазақстан қоғамының директоры және Білім тобының төрағасы
Аскаргалиев Алижaн – Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастарды ілгерілететін жетекші үкіметтік емес ұйымның атқарушы менеджері
Николас Контовас – Бодлиан кітапханасының Кавказ, Орта Азия және Түркия бойынша кураторы, Оксфорд университетінің оқытушысы
Жандос Болдыков – Қазақстан Республикасы Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының директоры, PhD
Айзат Тубышева – Ұлттық орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің қызметкері
Бұл вебинар мәдени диалогты дамытуға және Қазақстанның жазба мұрасын халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға зор үлес қосты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas