2026 жылғы 30 наурыз күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Деректанудың өзекті мәселелері: анықтау, талдау және ғылыми айналымға енгізу» атты ғылыми семинар өтті

Іс-шараның мақсаты — Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты жазба деректерді анықтау, оларды ғылыми тұрғыдан талдау және ғылыми айналымға енгізу мәселелерін талқылау, сондай-ақ деректану саласындағы өзекті бағыттар мен заманауи зерттеу әдістерін саралау.
Семинар барысында бірқатар мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Қатысушылар жоғары оқу орындарында тарихи деректерді оқытудың өзекті мәселелеріне тоқталып, архивтік материалдармен жұмыс істеудің ерекшеліктері мен тәжірибесі туралы баяндады.
Сонымен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері деректанудың тарихты зерделеудегі орны, оның ғылым ретінде қалыптасу алғышарттары мен заңдылықтары, тарихи деректердің маңызы және қазақтың ауызша тарихына қатысты өзекті мәселелер жөнінде баяндамалар ұсынды.
Семинарға  тарих ғылымдарының докторы, профессор Т. Садықов пен Қазақстанның құрметті журналисі, шығыстанушы М. Баймұханов, Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры З. Дүкенбаева, тарих ғылымдарының докторы Г. Отепова, PhD, Қазақ ұлттық спорт университеті қауымдастырылған профессоры Г. Жакибаева, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі, Ә.Х. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің магистранты А. Ғазиз  жас зерттеуші-ғалымдар, сала мамандары және білім алушылар қатысты.
Аталған іс-шара ғылыми қауымдастық пен жас зерттеушілер арасында тәжірибе алмасуға, тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізу мәселелерін терең түсінуге мүмкіндік берді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas