Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылды

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында 19 қыркүйек Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында өтті.
Ашық есік күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында өткізіліп, жас ұрпаққа еңбектің құндылығын, тарихи сабақтастық пен рухани мұраны насихаттауға арналды.
Шара барысында келушілер сирек кездесетін қолжазбалар мен кітаптардың көрмесін тамашалап, жазба жәдігерлердің түпнұсқадан заманауи басылымдарға дейінгі даму тарихымен танысты.
Ортағасырлық қолжазбаларды сақтау, қалпына келтіру және цифрландыру бағытындағы жұмыстар көрсетілді.
Сонымен қатар «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараға № 51 мектеп-гимназиясының, Республикалық физика-математика мектебінің оқушылары, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана Халықаралық Университеті, М. Жұмабаев атындағы халықаралық колледж, «Тұран» колледжі студенттері және елордалық тұрғындар мен қала қонақтары қатысты.
Ашық есік күні аясында жас ұрпаққа тарихи-мәдени мұраның құндылығын түсіндіру, ұлттық тарихты дәріптеу, сондай-ақ көне қолжазбаларды сақтау мен зерттеудің маңыздылығын көрсету мақсаттары жүзеге асырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas