Қазақ халқының мәдени және рухани мұрасының бірегей нышаны – домбыра. Бұл күн ұлттық аспаптың тарихи, көркем және тәрбиелік мәнін ұлықтап, өскелең ұрпаққа насихаттауға арналған.
Домбыра – ұлт болмысының айнасы, сан ғасырлық шежіреміздің үнді белгісі. Қос ішектен төгілген күй мен терме халқымыздың дүниетанымын, салт-дәстүрі мен рухани байлығын жеткізеді.
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы барша отандастарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтай отырып, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеу жолындағы ортақ істе табыс тілейді!