«Кітап — сарқылмас рухани қазына» атты ашық есік күні өтті
21/04/2025
- No Comments
Кітап күніне орай, елордағы қолжазбалар және сирек кітаптар орталығы ашық есік күнін ұйымдастырды. Төл тарихымызға қатысты құнды жәдігерлер жинақталған шаңыраққа мектеп оқушылары бас сұқты. Көкөрімдер көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды тамашалап қана қоймай, жасалу технологиясымен танысты. Мамандар оларға кітапты ұқыпты ұстау мен сақтаудың жолдарын айтып берді. «Бүгінде орталықта 10 мыңнан астам кітап қоры болса, соның 2 мыңға жуығы сирек еңбектер қатарына енеді. Іс-шараның мақсаты Мемлекет басшысының жаппай кітап оқитын ұлтқа айналу бастамасын қолдау», – дейді ұйымдастырушылар. Жәнібек Айтжанов, оқушы: – Кітапті бірінші желімдейді, жазады, бүктейді, тігеді. Бұл үлкен еңбек. Мысалы менің сыныптастарым кітапты сия қылып жазады ғой. Енді ескерту жасаймын. Кітапқа құрметім артады. Жандос Болдықов, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры: – Бүгінгі біздің іс-шарамыз елімізде алғаш рет өткізіліп отырған Ұлттық кітап күніне арналған. Бұл бәріміз үшін үлкен мереке. Жастарға кітап мәдениетін насихаттап, кітап оқуға баулу. Осы жұмыстармен біз айналысамыз. Соның негізінде біз жастармен бабаларымыз әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи сияқты кітаптармен жұмыс істеді. Осындай еңбегін жазды деген мақсатпен біз оларға үлкен дәріс өткіземіз.