«Абай даналығы – халық мұрасы» атты ғылыми семинар

2025 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-де «Абай даналығы – халық мұрасы» атты ғылыми семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығының рухани-мәдени маңызын насихаттау, оның даналық ойлары мен еңбектерін жас ұрпақтың санасына сіңіру болды.
Ғылыми семинарда Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің кеңесшісі Цуй Инлань құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар ғалымдар мен абайтанушылар Күзембаев Қайыржан Ғизатұлы, Алмахан Мұхаметқалиқызы, Мұхамедқали Баймұханов, Дүкенбаева Задаш Оразғалиқызы және Меруерт Доқтырханқызы Тлепалдиева маңызды баяндамалар жасап, қатысушылармен Абай өмірі мен шығармашылығына қатысты тың ақпараттармен бөлісті. Абай оқуларының жеңімпаздары №87 мектеп-гимназиясының оқушылары Ашимбекова Аяжан және Жанатхан Рахматуллаһ Ұлы ақынның өлеңдері мен Қара сөздерін оқыды. Ұлттық орталық қорында сақталған ақынның туындылары мен оған қатысты сирек басылымдар негізінде арнайы көрме ұйымдастырылды.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, музей қызметкерлері, ақындар, Астана Халықаралық университетінің студенттері мен №87 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.
Семинар қорытындысын Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры, PhD доктор Жандос Бекділдаұлы Болдыков жасады. Абай мұрасының ұлттық болмысты айқындаудағы және жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше екендігін атап өтті.

Биыл елімізде Ұлы ақынның 180 жылдығы кең көлемде аталып өтіп жатыр. Осыған орай ұйымдастырылған семинар барысында Абайдың «Қара сөздері», өлеңдері мен философиялық көзқарастарының қазіргі қоғам үшін өзектілігі, адамзаттық құндылықтарды дәріптеудегі рөлі кеңінен талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas