Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ғылыми-зерттеу бөлімінің бас сарапшысы А. Абсаликов Алтын орда және қазақ хандығы кезеңдерінің мәдени және рухани құндылығы саналатын қолжазбалар мен сирек кітаптардың тарихи және ғылыми маңызы туралы «Жібек жолы” телеканалына арнайы сұхбат берді. Сұхбат барысында ұлттық жазба мұраны сақтау, зерттеу және оны келер ұрпаққа насихаттаудың өзектілігімен бөлісті.