Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Реставрация және консервация бөлімінің басшысы А. Тастемирова 2026 жылғы 13–24 шілде аралығында Ресей мемлекеттік кітапханасында ұйымдастырылған құжат реставрациясы бойынша біліктілікті арттыру курсына қатысты.
Оқу бағдарламасына Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан келген мамандар қатысты. Оқу барысында Ресей мемлекеттік кітапханасының мамандарымен тәжірибе алмасып, құжат реставрациясының озық әдістемелері мен заманауи технологияларын зерделеуге ерекше көңіл бөлінді.
Курс қорытындысы бойынша бағдарламаның барлық түлектеріне біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.