Астанада Тәуелсіздік сарайында өткен «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумына Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері де қатысты. Халықаралық симпозиумға 300-ден аса шетелдік ғалымдар, сарапшылар мен мемлекеттік қайраткерлер қатысты. Ауқымды жиын еліміздің ұлттық бірегейлігін нығайтуға және Алтын Орда тарихын ғылыми тұрғыдан жаңаша зерделеуге бағытталған. Симпозиумға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, сөз сөйледі. Симпозиум қатысушылары тарихты зерттеу арқылы, қазіргі үдерістерді терең түсіну және орнықты болашақ қалыптастыру үшін қажет екенін айтты.