Аталған бағдарлама жасанды интеллект технологияларын жұмыс үдерістеріне тиімді енгізу, деректерді өңдеу мен талдау, автоматтандыру құралдарын пайдалану және цифрлық трансформация бағыттарын қамтыды. Оқу барысында қатысушылар заманауи жасанды интеллект шешімдерімен танысып, практикалық тапсырмалар орындап, халықаралық тәжірибе алмасты.
Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Алынған білім мен дағдылар орталықтың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға, құжаттарды цифрландыру үдерістерін жетілдіруге және жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.