Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында кітаптарды сақтау бойынша шеберлік сағаты өтті

Наурызнама онкүндігі аясындағы Жаңару күніне орай Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының реставратор мамандары «Көнені жаңарту» тақырыбында шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Іс-шараға Астана халықаралық университетінің студенттері қатысты. Олар орталық мамандарының жетекшілігімен сирек кітаптар мен құнды қолжазбаларды реставрациялау және сақтау жұмыстарының негізгі кезеңдерімен танысты.
Тәжірибелік сабақ барысында реставраторлар 1890 жылы жазылған қасиетті Құран кітабын тазалау, бүлінген беттерін қалпына келтіру, түптеу және консервациялау әдістерін көрсетіп, жас мамандарға кәсіби бағыт-бағдарын бөлісті. Кітаптың түпнұсқалық қалпын мүмкіндігінше сақтай отырып, оның физикалық құрылымын нығайтуға ерекше назар аударылды.
Аталған іс-шара рухани мұраны сақтау мен жаңғырту бағытындағы маңызды бастамалардың бірі ретінде ерекшеленді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas