Иран мұрағат қорларынан әкелінген 27 тарихи құжат Ұлттық музейдің көрмесіне қойылды. Қолжазба көшірмелерінде XIX ғасырдағы еліміздің тарихына қатысты көптеген құнды дерек бар. Олардың барлығы парсы тілінде жазылған. Мәселен, Иран мен Қазақстан арасындағы саяси-консулдық қарым-қатынастар, көші-қон саласы, шекара, экономика бойынша құжаттар бар. Енді қолжазбаны зерттеп, оны аударуға біраз уақыт кетеді дейді мамандар.