МЕШІТ ҚОЛЖАЗБА КІТАПТАРДЫ «ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР» МЕКЕМЕСІНЕ ТАБЫСТАДЫ

МЕШІТ АҚПАРАТ  17-СӘУІР 2024  
Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіне арнайы Астана қаласы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар» республикалық мемлекеттік мекемесінің мамандары ат басын бұрып келген болатын. Аталған мекеменің Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Камшат Пазылқызы мен Есепке алу, сақтау, көрме және оқу залдарының жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Анар Романқызы қала және аудан имамдарымен дидарласып ізгі мақсаттарын жеткізді. Қолжазбаларды жинау миссияларымен таныстырып, халық арасында көп жүретін имамдардан қолдау күтетінен атап өтті. 
«Ұлттық құндылықтарымыздың рухани бастауы саналатын құнды қолжазбалар мен сирек кітаптарды көздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуді қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Жеке адамдардың қолында және мешіттерде араб, шағатай, парсы жазуларындағы сирек кітаптар бар екенін ескере отырып, мекеме құндылықтарды жинап, жөндеуден өткізіп, мемлекеттік қорғауға алмақ. Барлық құнды ескі қолжазбалар дезинфекцияланып, қайта жөндеуден өткен соң каталогқа енеді. Ғылым жолында зерттеу жасап жүрген кісілер үшін кітаптардың электронды нұсқасын пайдалану қолжетімді болмақ» — дейді мамандар. 
Жиыннан соң «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек бірнеше жылдар бойы жинап, сақтап келген көне түркі, төте жазу және шағатай тілдеріндегі қолжазба еңбектерді мамандардың қолына ресми түрде табыстады. Айта кетейік, аударма саласының үздігі, көне тілдерді жетік білетін білікті имам аталған қолжазбалардың кейбірін қазақ тіліне аударып та үлгерген болатын. Атап айтсақ, «Қозы Көрпеш Баян сұлу жыры», «Қыз Жібек жыры», «Біржан мен Сара айтысы» тағы басқа. Көненің көзіндей болған сандық толы қолжазбаларды имам мамандарға табыстап, аударма жұмыстары бойынша да қолдау көрсететінін жеткізді. 
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas