Елордадағы көрмеге Қ. Сәтбаевтың қолжазбалары мен еңбектері қойылды

Биыл қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына – 125 жыл.
Бүгін ғалымның сирек қолжазбалары мен еңбектері елордадағы көрмеге қойылды. Ал 4 жоғары оқу орнының профессорлары мен жастар дөңгелек үстелде бас қосып, нар тұлғаның ғылыми еңбектеріне тоқталды.
Айта кеткен жөн, Қаныш Имантайұлы – тұңғыш академик қана емес, Қазақстан бойынша қолжазбалар қорын ашқан алғашқы адам. Қорда 100 мыңнан астам сирек кездесетін қолжазбалар сақталған. Бүгінде әрбірінің тарихи маңызы зор.
Мұхамедқали Баймұханов, ҚР Мәдениет қайраткері:
— Бір ғана жақты осы геология саласында емес, бүкіл ғылымның саласынан үлкен хабары болған. Сондықтан бұл кісінің атын бүкіл дүниежүзінің ғалымдары паш етті. Мынау аспандағы бір жұлдызға осы Қаныш Сәтбаевтың атын берді кеңестік заманның өзінде. Бұл да оп-оңай нәрсе емес. Яғни кеңестік ғалымдар бұл кісінің еңбегін аса жоғары бағалаған.


 ТЕГТЕР: # ЕЛОРДА # ҚАНЫШ СӘТПАЕВ # 125 ЖЫЛ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas