• All Post
  • Жаңалықтар
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Реставрация және консервация бөлімінің бас сарапшысы Тастемирова Алма «Қазақстан» телеарнасының «Қазір айтамыз» бағдарламасына сұхбат берді.

20/01/2026/

Сұхбат барысында реставратор мамандығының ерекшеліктері, тарихи және мәдени мұраны сақтау жолындағы жауапты еңбек, қолжазбалар мен сирек кітаптарды қалпына келтіру үдерісінің негізгі кезеңдері туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, реставрация және консервация саласындағы кәсіби талаптар мен тәжірибелік жұмыстарға тоқталды. https://youtu.be/lv4v62Zkr6E

«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ және «Ғылым ордасы» РМК арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум негізінде «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» жобасы аясында бірлесе кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша тағылымдама өткізілді.

05/01/2026/

«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ және «Ғылым ордасы» РМК арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум негізінде «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» жобасы аясында бірлесе кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша тағылымдама өткізілді. Түркия Республикасының Президенттік ұлттық кітапханасы (T.C. Cumhurbaşkanlığı Millet Kütüphanesi) мен Рами кітапханасында (Rami…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

05/01/2026/

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда, «Turkistan» газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. – «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең ықпалды басылымның бірі. Газеттің атауында да өте үлкен мән-мағына бар.…

2025 жылға арналған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» тарапынан жоспарланған барлық жұмыстар толық көлемде іске асырылды. Сонымен қатар, есептік кезең ішінде жоспардан тыс бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылды.

05/01/2026/

https://youtu.be/GaeoqVVPHPI Атап айтқанда, ғылыми-ұйымдастырушылық, реставрация бағыттары бойынша түрлі іс-шаралар, дөңгелек үстелдер ,ғылыми семинарлар мен экспедициялар өткізілді. Бұл іс-шаралар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, салалық мамандар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің белсенді қатысуымен ерекшеленді. Жүргізілген жұмыстар Орталықтың негізгі қызмет бағыттарын тиімді жүзеге асыруға, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және ұлттық мәдени-тарихи мұраны сақтау мен зерделеуге елеулі үлес қосты.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұжымы баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды!

01/01/2026/

https://youtu.be/vftoauanN0s Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұжымы баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтайды! Жаңа жыл — жаңа мүмкіндіктер мен жарқын бастамалардың, үміт пен игі жоспарлардың символы. Жылқы жылы — қазақ халқы үшін еркіндік пен қайсарлықтың, адалдық пен берекенің нышаны саналатын киелі жануармен байланысты жыл. Алдағы жыл әр шаңыраққа амандық, береке, кәсіби табыс пен…

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы 2025 жылдың 12-желтоқсан  күні 16 Желтоқсан — Тәуелсіздіктің 34 жылдығына орай «Тәуелсіздік — баға жетпес құндылық» атты тақырыпта дәріс өткізді.

17/12/2025/

Іс-шараның мақсаты. Бүгінгі жас ұрпаққа өз отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Мерекелік іс-шара Орталық қызметкерлеріне еліміздің ішкі саясатының құрылымы жайында баяндама жасауға, өз пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік беретін интеллектуалдық ашық алаң болып табылады. Іс-шара барысында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында  “Тәуелсіздік…

Ираннан әкелінген 27 құжат Ұлттық музейге қойылды

17/12/2025/

https://youtu.be/xaeujR7qSpk Иран мұрағат қорларынан әкелінген 27 тарихи құжат Ұлттық музейдің көрмесіне қойылды. Қолжазба көшірмелерінде XIX ғасырдағы еліміздің тарихына қатысты көптеген құнды дерек бар. Олардың барлығы парсы тілінде жазылған. Мәселен, Иран мен Қазақстан арасындағы саяси-консулдық қарым-қатынастар, көші-қон саласы, шекара, экономика бойынша құжаттар бар. Енді қолжазбаны зерттеп, оны аударуға біраз уақыт кетеді дейді мамандар.

2025 жылдың 21-қараша күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Nazarbayev University ЖОО-да «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен өткен халықаралық  «Отандас ғалымдар форумына» қатысты.

03/12/2025/

https://oq.gov.kz/ru/news/1440  Форумның басты мақсаты — шетелде еңбек етіп жүрген отандас ғалымдардың тәжірибесін елдің ғылыми-инновациялық дамуына тарту және Қазақстанның зияткерлік әлеуетін халықаралық, деңгейде таныту. Форумға Қазақстаннан 100-ге жуық , сондай-ақ, шетелден 40-тан астам ғалым мен сарапшы қатысты. Форум аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорындағы құнды тарихи деректердің “Ұлы дала  мұрасы” көрме сі…

2025 жылғы 14-17 қазан  аралығында Армения Республикасының астанасы Ереван қаласында, «Матенадаран» көне қолжазбалар музей-институтында «Лики памяти. Новейшие технологии сохранения и восстановления рукописного и печатного наследия» халықаралық ғылыми-практикалық семинары өтті.

03/12/2025/

Семинар барысында әлеми елдерінен келген құжат реставрациясы және консервациясы саласының мамандары өз білімдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасып, баяндамалар оқыды және Матенадаранның осы салада жеткен жетістіктерімен танысты. Сонымен қатар кітапты түптеу, құжатты қалпына келтіру, қағаз құю бойынша әлемнің озық мамандарының мастер-класстары өтті.   Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығынан аталған іс-шараға «Реставрация және консервация» бөімінің…

Қосшы қаласында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті

02/12/2025/

https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1106045 Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Қосшы қаласындағы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты — жазба мұралардың көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі даму барысын көрсетіп, ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ қолжазбаларды сақтау мен қорғаудың маңыздылығын түсіндіру. Көрмеге Ұлттық орталықтың қорында сақталған VIII–IX…

See More

End of Content.

Most Recent Posts

Category

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas