• All Post
  • Жаңалықтар
Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Реставрация және консервация бөлімінің мамандары Қазақстан ұлттық арнасының «Уақытпен күрескен мұра» атты жобасына арнайы сұхбат берді.

29/04/2026/

Сұхбат барысында орталықтың білікті реставратор мамандары сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру үдерістерінің ерекшеліктері мен маңызын кеңінен таныстырып, мәдени мұраны сақтаудағы реставрация жұмыстарының рөліне тоқталды. Аталған жоба аясында көрермендер тарихи құндылығы жоғары жәдігерлердің сақталу жолдары мен оларды болашақ ұрпаққа жеткізудегі кәсіби еңбектің қыр-сырларымен таныса алады. https://www.youtube.com/watch?v=3BLVOw-do00

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Есепке алу, сақтау және көрме ұйымдастыру бөлімінің басшысы А. Баймағамбетова мен Ғылыми-зерттеу бөлімінің аға сарапшысы А.Тұбышева “Tобыл тынысы” арнасына сұхбат берді.

27/04/2026/

https://www.youtube.com/watch?v=yYvC-3rxwrk Мамандар ұлттық орталық қорында сақталған сирек кітаптар мен қолжазбалардың тарихи-мәдени құндылығына тоқталып, оларды сақтау, қалпына келтіру және ғылыми айналымға енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, сұхбатта орталық қызметінің негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары да қамтылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-де Ұлттық кітап күніне орай «Шетелдік қорлардағы құнды жазба мұралар» атты каталог-альбомның II томының тұсаукесері, сондай-ақ жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленген жаңа веб-сайттың іске қосылуы өтті.

27/04/2026/

Іс-шараның мақсаты – ұлттық жазба мұраны насихаттау, шетелдік қорларда сақталған сирек қолжазбалар мен кітап мұраларын ғылыми айналымға енгізу, сондай-ақ заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологиялары арқылы мәдени құндылықтарға қолжетімділікті арттыру. Сонымен қатар, қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға ерекше назар аударылды. Каталог-альбомда шетел архивтері мен кітапханаларында сақталған араб, парсы, шағатай, түркі және қазақ…

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ғылыми-зерттеу бөлімінің бас сарапшысы А. Абсаликов «Qazaqstan tarihy» порталына сұхбат берді.

21/04/2026/

Сұхбатта көне қолжазбаларды аударудағы жасанды интеллектіні қолдану туралы сөз қозғалды. https://manuscript.kz/wp-content/uploads/2026/04/videoplayback-2.mp4

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы К.Пәрімбекова мен Есепке алу, сақтау және көрме ұйымдастыру бөлімінің басшысы А. Баймағамбетова «Қайырлы күн, Қызылорда!» бағдарламасына сұхбат берді.

15/04/2026/

Мамандар ұлттық орталықтың негізгі қызметі, құнды қолжазбалар мен сирек кітаптарды сақтау және реставрациялау жұмыстарының барысы туралы баяндады. Аталған сұхбат барысында рухани мұраны насихаттауға бағытталған көрмелерді ұйымдастыру және көне жәдігерлерді заманауи форматқа көшіру мақсатында жүзеге асырылып жатқан цифрландыру жұмыстары кеңінен қозғалды. https://manuscript.kz/wp-content/uploads/2026/04/WhatsApp-Video-2026-04-15-at-14.38.26.mp4

2026 жылғы 6 -10 сәуір аралығында Ресей астанасы Мәскеуде реставраторлар, қор сақтаушылары және құжаттарды консервациялау саласының мамандары үшін маңызды кәсіби іс-шара саналатын «Құжаттарды реставрациялау: дәстүр мен жаңашылдық» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

13/04/2026/

Аталған семинарға «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің Реставрация және консервация бөлімінің басшысы А.Тастемирова, бас сарапшысы С.Ботабеков, суретші-раставраторы Р.Киреева қатысты. Семинар дәстүрлі түрде мәдени мұраны сақтау саласындағы озық тәжірибе алмасуға арналған ең ірі халықаралық алаң болып табылады. Іс-шараның басты ерекшелігі — оның практикалық бағыты. Семинар барысында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Мысыр, Қазақстан, Қырғызстан,…

26–27 наурыз күндері Алматы қаласындағы «Ғылым Ордасы» РМК базасында «Қазақстанның жазба мұрасын сақтау және қалпына келтіру: заманауи тәсілдер мен ғылыми тәжірибе» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

06/04/2026/

Аталған іс-шараға «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің Реставрация және консервация бөлімінің басшысы Алма Тастемірова мен суретші-реставраторы Сырым Ботабеков қатысты. Семинардың мақсаты – сирек кездесетін қолжазбалар мен архивтік құжаттарды сақтау, консервациялау және реставрациялау саласындағы мамандарды біріктіріп, өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ тәжірибе алмасу болды. Семинар «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру…

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының инженер-бағдарламашысы С. Халилов 2026 жылғы 5–18 наурыз аралығында Қазақстандағы Үндістан Елшілігінің қолдауымен өткен Үндістанның Техникалық және Экономикалық Ынтымақтастық Бағдарламасы (ITEC) аясындағы “AI in the Workplace (LBY, GNQ, TJK)” атты халықаралық оқу бағдарламасына қатысып, кәсіби біліктілігін арттырды.

31/03/2026/

Аталған бағдарлама жасанды интеллект технологияларын жұмыс үдерістеріне тиімді енгізу, деректерді өңдеу мен талдау, автоматтандыру құралдарын пайдалану және цифрлық трансформация бағыттарын қамтыды. Оқу барысында қатысушылар заманауи жасанды интеллект шешімдерімен танысып, практикалық тапсырмалар орындап, халықаралық тәжірибе алмасты. Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Алынған білім мен дағдылар орталықтың цифрлық инфрақұрылымын дамытуға, құжаттарды цифрландыру үдерістерін…

2026 жылғы 30 наурыз күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Деректанудың өзекті мәселелері: анықтау, талдау және ғылыми айналымға енгізу» атты ғылыми семинар өтті

31/03/2026/

Іс-шараның мақсаты — Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты жазба деректерді анықтау, оларды ғылыми тұрғыдан талдау және ғылыми айналымға енгізу мәселелерін талқылау, сондай-ақ деректану саласындағы өзекті бағыттар мен заманауи зерттеу әдістерін саралау. Семинар барысында бірқатар мазмұнды баяндамалар ұсынылды. Қатысушылар жоғары оқу орындарында тарихи деректерді оқытудың өзекті мәселелеріне тоқталып, архивтік материалдармен жұмыс істеудің ерекшеліктері мен…

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында кітаптарды сақтау бойынша шеберлік сағаты өтті

27/03/2026/

Наурызнама онкүндігі аясындағы Жаңару күніне орай Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының реставратор мамандары «Көнені жаңарту» тақырыбында шеберлік сағатын ұйымдастырды. Іс-шараға Астана халықаралық университетінің студенттері қатысты. Олар орталық мамандарының жетекшілігімен сирек кітаптар мен құнды қолжазбаларды реставрациялау және сақтау жұмыстарының негізгі кезеңдерімен танысты. Тәжірибелік сабақ барысында реставраторлар 1890 жылы жазылған қасиетті Құран кітабын тазалау,…

See More

End of Content.

Most Recent Posts

Category

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas