• All Post
  • Жаңалықтар
«Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті

20/02/2026/

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы “Тұран”  университетінде «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрменің мақсаты — жазба мұралардың көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі даму барысын көрсетіп, ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ қолжазбаларды сақтау мен қорғаудың маңыздылығын түсіндіру. Көрмеге Ұлттық орталықтың қорында сақталған VIII-IX ғасырларға тән руникалық графикамен…

Абай мұрасын жаңғыртқан жас реставратор

18/02/2026/

Қолжазбалар – ұлт тарихының куәгері әрі рухани қазынасы. Реставратор мамандар әр параққа жан бітіріп, осы көне кітаптардың мәдени және тарихи құндылығын сақтауда, оны келер ұрпаққа жеткізуде маңызды рөл атқарады. Ұлттық жадымызды жаңғыртып, мәдени мұрамыздың мәңгілік сақталуына қызмет ететін мамандық иелері туралы Жансерік Бейсенқұловпен сұхбаттастық. Ол – Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының реставрация…

2026 жылғы 13 ақпанда Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітап сыйла» акциясы өткізілд

16/02/2026/

Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан кітап оқу мәдениетін қоғамда нығайту туралы бастамасы аясында ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – тарихи және әдеби мұраны толықтыру және сақтау, қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау және жазба мұраға деген қызығушылықты арттыру. Іс-шара аясында Ұлттық орталық қорына бірқатар құнды қолжазбалар мен сирек…

Сирек кітаптарды сақтау, реставрациялау барысындағы қиындықтар және қолжазбаларға ұқыпты қарау философиясы туралы.

04/02/2026/

Көне кітаптар мен қолжазбаларды реставрациялау — бұл тек техникалық жұмыс қана емес, сонымен қатар тарихқа терең бойлау үдерісі. Ол үлкен төзімділікті, мұқияттылықты және әрбір жәдігердің құндылығын терең түсінуді талап етеді. Беттердің түпнұсқалығын сақтаудан бастап зақымданған түптемелерге барынша аз араласуға дейін әрбір бөлшек маңызды, ал болмашы қателік те бірегей ақпараттың жоғалуына әкелуі мүмкін. Сирек…

2026 жылғы 2 ақпанда Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қолжазбаларды зерттеу, реставрациялау және цифрлық коллекциялар жасау» тақырыбында вебинар өтті.

04/02/2026/

Іс-шараны Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы және Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды. Вебинардың мақсаты — қолжазбалар мен сирек кітаптарды зерттеу, реставрациялау және цифрлық коллекциялар жасау саласындағы тәжірибе алмасуды дамыту, ғылыми мұраны сақтау мен қолжетімділігін арттырудың заманауи тәсілдерін талқылау, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту. Ұлттық орталықтың директоры, PhD…

«Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме 2026 жылдың 21 қаңтар күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Astana ІТ University-де «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырып, оқытушылар мен студенттер назарына ұсынды

22/01/2026/

Көрменің мақсаты: жазба жәдігерлердің түпнұсқасынан бастап заманауи полиграфиялық басылымдарға дейінгі даму тарихымен, жазу мәдениетімен таныстыру. Тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыру, қолжазбаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Көрмеге ұлттық орталық қорындағы араб, парсы, шағатай тілдеріндегі құнды қолжазбалар мен сирек кітаптар, төте жазуындағы, латын қарпіндегі әдебиеттер мен шағын кітаптар қойылып, таныстырылды.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Реставрация және консервация бөлімінің бас сарапшысы Тастемирова Алма «Қазақстан» телеарнасының «Қазір айтамыз» бағдарламасына сұхбат берді.

20/01/2026/

Сұхбат барысында реставратор мамандығының ерекшеліктері, тарихи және мәдени мұраны сақтау жолындағы жауапты еңбек, қолжазбалар мен сирек кітаптарды қалпына келтіру үдерісінің негізгі кезеңдері туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, реставрация және консервация саласындағы кәсіби талаптар мен тәжірибелік жұмыстарға тоқталды. https://youtu.be/lv4v62Zkr6E

«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ және «Ғылым ордасы» РМК арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум негізінде «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» жобасы аясында бірлесе кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша тағылымдама өткізілді.

05/01/2026/

«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ және «Ғылым ордасы» РМК арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум негізінде «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» жобасы аясында бірлесе кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша тағылымдама өткізілді. Түркия Республикасының Президенттік ұлттық кітапханасы (T.C. Cumhurbaşkanlığı Millet Kütüphanesi) мен Рами кітапханасында (Rami…

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

05/01/2026/

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда, «Turkistan» газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. – «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең ықпалды басылымның бірі. Газеттің атауында да өте үлкен мән-мағына бар.…

2025 жылға арналған бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» тарапынан жоспарланған барлық жұмыстар толық көлемде іске асырылды. Сонымен қатар, есептік кезең ішінде жоспардан тыс бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылды.

05/01/2026/

https://youtu.be/GaeoqVVPHPI Атап айтқанда, ғылыми-ұйымдастырушылық, реставрация бағыттары бойынша түрлі іс-шаралар, дөңгелек үстелдер ,ғылыми семинарлар мен экспедициялар өткізілді. Бұл іс-шаралар жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, салалық мамандар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің белсенді қатысуымен ерекшеленді. Жүргізілген жұмыстар Орталықтың негізгі қызмет бағыттарын тиімді жүзеге асыруға, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және ұлттық мәдени-тарихи мұраны сақтау мен зерделеуге елеулі үлес қосты.

See More

End of Content.

Most Recent Posts

Category

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas