
Елорда төріндегі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында ІХ ғасырда руникалық графикамен жазылған көне түрік мұрасы «Ырық бітік» кітабының көшірмесі сақтаулы тұр. Бұл жәдігер ғылыми ортада «Болжал кітабы» («Книга гаданий») атымен танымал. Кітап Ұйғыр қағандығы кезінде жазылған деп есептеледі. Көлемі 13,75 х 8,75 см. Туындының басы мен аяғында қытайша Будда дініне арналған…











