
Бүгін Түркия Республикасы Премьер-Министрі Кеңесі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Қазақстандағы координаторы Хикмет Озденоглу Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына арнайы келді. Кездесу барысында Ұлттық орталық директоры Жандос Болдыков мәртебелі мейманға орталық жұмысы туралы кең мәлімет берді. Өз кезегінде Агенттік өкілі Ұлттық орталықтың мәдени мұраны дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, жылы пікірі…





