Ұлыбритания елшілігі орталыққа Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасында сақталған «MS. Arab. c. 90» шифрлы қолжазбаның 44a парағындағы Орталық Азия картасының көшірмесін тапсырды. Бұл артефакт XI ғасырдағы космология мен географияға арналған «Китаб гараиб әл-фунун уа мулях әл-уюн» («Ғылымдардың ғажайыптары мен көз сүйсінерлік нәрселер кітабы») атты анонимді еңбектің жалғыз белгілі нұсқасы саналады.
Зерттеушілердің пайымдауынша, қолжазба XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басында Мысырда жазылған. Картада басқа нысандармен қатар қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан Жанкент қаласы бейнеленген, ол араб жазуында «Әл-кария әл-хадиса» («Жаңа қала») деп аталған. Жанкент VIII–XI ғасырлар аралығында оғыз мемлекетінің астанасы болғаны белгілі. Сонымен қатар картаға оңтүстік өңіріндегі негізгі және маңызды қалалар енгізілген.
Қолжазба 2002 жылы қайырымдылық ұйымдарының қолдауымен сатып алынып, кейіннен толық цифрландырылып, ортағасырлық ислам географиясы мен кітап өнерін зерттеуге арналған құнды ресурсқа айналған.
XI ғасырдың картасы Орта Азия мен Қазақстан аумағын қамти отырып ғылыми, мәдени және ұлттық маңызы зор бірегей тарихи-географиялық дереккөзге айналып отыр.
3 Comments
Interesting read! The blend of tradition & tech in modern gaming is fascinating – especially seeing platforms like superking ph vip embrace that. Secure registration processes are key for trust, too!
Loved the breakdown! For those diving into AI-driven strategies, the AI Business Ideas Generator could be a game-changer for brainstorming and execution.
Interesting analysis! Seeing how platforms like big bunny casino focus on RTP & fair odds is key. Smart bankroll management, as they suggest, really can make a difference long-term. It’s about informed play!
Your comment is awaiting moderation.
Really enjoying this article! Thinking about trying out some new online games – heard good things about responsible gaming features on platforms like big bunny club. Smart odds & easy deposits sound great! 🤔