
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің
«ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖӘНЕ СИРЕК КІТАПТАР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»
республикалық мемлекеттік мекемесі

Әр ұлттың қазынасы болып табылатын қолжазбалар, сондай-ақ әртүрлі тілдерде жарық көрген әртүрлі сирек басылымдардың түпнұсқалары ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі ұзақ тарихи кезеңді қамтитын баға жетпес артефактілер болып табылады. Бұл қолжазбаларды жинау, сақтау, зерттеу және қалпына келтіру – Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының негізгі міндеттерінің бірі
2019 жылдан бастап орталықтың үш тілде, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мақалалар жариялайтын «Ұлы дала мұрасы» атты ғылыми-көпшілік журналы өз жұмысын бастады. Басылымнан журналдың 20 нөмірі шықты. Отандық және шетелдік авторлардың жүзденастам мақалалары жарық көрді.
2019 жылы Қазақстанда «Архив-2025» мемлекеттікбағдарламасы бекітіліп, бағдарлама шеңберінде архив қызметін жақсартуға жәнедамытуға бағытталған іс-шаралардың тұтас кешені көзделген. Бағдарламаның бастыміндетінің бірі- архив қорларын байытып, осы мақсатта мамандардың Қазақстантарихына қатысты деректерді анықтап, әкелу жатады. Мемлекеттік архив, қолжазбажәне сирек кітап орталықтары, кітапхана, ғылыми институт және кітапханаларына бару жоспарлаған.