Аталған семинарға «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің Реставрация және консервация бөлімінің басшысы А.Тастемирова, бас сарапшысы С.Ботабеков, суретші-раставраторы Р.Киреева қатысты.
Семинар дәстүрлі түрде мәдени мұраны сақтау саласындағы озық тәжірибе алмасуға арналған ең ірі халықаралық алаң болып табылады. Іс-шараның басты ерекшелігі — оның практикалық бағыты. Семинар барысында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Мысыр, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің жетекші сарапшылары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара Ресей мемлекеттік кітапханасы, Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі және Еуразия кітапханалық ассамблеясы тарапынан ТМД мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры қолдауымен ұйымдастырылды.