Іс-шараны Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы және Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды.
Вебинардың мақсаты — қолжазбалар мен сирек кітаптарды зерттеу, реставрациялау және цифрлық коллекциялар жасау саласындағы тәжірибе алмасуды дамыту, ғылыми мұраны сақтау мен қолжетімділігін арттырудың заманауи тәсілдерін талқылау, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
Ұлттық орталықтың директоры, PhD докторы Жандос Болдыков және Беларусь Ұлттық кітапханасы бас директорының орынбасары Пшибытко Виктор екі мекеменің арасындағы тәжірибе алмасудың аса маңызды екенін атап көрсетті.
Бағдарлама аясында келесі баяндамалар ұсынылды:
– «Қазақстан Республикасының қолжазба және сирек кітап мұрасын зерттеу мен жинақтаудағы археографиялық экспедициялар»;
– «Цифрлық коллекциялар жасау кезінде құжаттарды іріктеу»;
– «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында факсимильдік көшірмелер жасау: араб графикасындағы қолжазбаларды беттеу ерекшеліктері»;
– «Цифрландыру алдындағы реставрациялық жұмыстар»;
– ««Китаб Мишхат әл-Масабих» кітабы мысалындағы реставрациялау тәжірибесі»;
– «Беларусь татарларының қолжазбасын реставрациялау тәжірибесі».
Вебинар соңында қатысушылар баяндамалар бойынша пікір алмасып, қолжазба мұрасын сақтау, реставрациялау және цифрлық ортаға енгізу мәселелерін талқылады.