Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда айтқан кітап оқу мәдениетін қоғамда нығайту туралы бастамасы аясында ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты – тарихи және әдеби мұраны толықтыру және сақтау, қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау және жазба мұраға деген қызығушылықты арттыру.
Іс-шара аясында Ұлттық орталық қорына бірқатар құнды қолжазбалар мен сирек басылымдар сыйға тартылды. «Араб грамматикасы» қолжазбалары, «Ұлық сапар әсерлері» кітабы ұлттық орталық қорына тапсырылды.
Іс-шара барысында Реставрация және консервация бөлімінің мамандары орталық қорындағы сирек кітаптар мен қолжазбаларға жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары туралы ақпарат берді. Толық реставрациядан өткен «Қасиетті Құран» кітабы иесіне табысталды, «Араб грамматикасы» қолжазбасының техникалық жай-күйі мен жүргізілген сараптамалық жұмыстары таныстырылды.
Акция ұлттық жазба мұраны сақтау және толықтыру, қоғамда кітап оқу мәдениетін дәріптеуге бағытталған маңызды рухани іс-шара болды.