2025 жылдың 21-қараша күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Nazarbayev University ЖОО-да «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «Отандас ғалымдар форумына» қатысты.
Форумның басты мақсаты — шетелде еңбек етіп жүрген отандас ғалымдардың тәжірибесін елдің ғылыми-инновациялық дамуына тарту және Қазақстанның зияткерлік әлеуетін халықаралық, деңгейде таныту. Форумға Қазақстаннан 100-ге жуық , сондай-ақ, шетелден 40-тан астам ғалым мен сарапшы қатысты.
Форум аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорындағы құнды тарихи деректердің “Ұлы дала мұрасы” көрме сі ұйымдастырылды. Көрме ғалымдардың аса қызығушылығын тудырды.