Көрменің мақсаты: жазба жәдігерлердің түпнұсқасынан бастап заманауи полиграфиялық басылымдарға дейінгі даму тарихымен, жазу мәдениетімен таныстыру. Тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыру, қолжазбаларды сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. Көрмеге ұлттық орталық қорындағы араб, парсы, шағатай тілдеріндегі құнды қолжазбалар мен сирек кітаптар, төте жазуындағы, латын қарпіндегі әдебиеттер мен шағын кітаптар қойылып, таныстырылды.


