Қосшы қаласында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті

https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1106045

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы Қосшы қаласындағы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты — жазба мұралардың көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі даму барысын көрсетіп, ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ қолжазбаларды сақтау мен қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.

Көрмеге Ұлттық орталықтың қорында сақталған VIII–IX ғасырларға тән руникалық графикамен жазылған көне түркі тіліндегі, X–XIII ғасырлардағы Қарахан, XIII–XV ғасырлардағы Алтын Орда, XV–XIX ғасырлардағы Қазақ хандығы дәуірлеріндегі тарихи деректерді қамтитын араб, парсы, шағатай тілдеріндегі сирек қолжазбалар қойылды. Сонымен қатар төте жазу, латын қарпіндегі әдебиеттер мен шағын форматтағы кітаптар да көрме сөресінен орын алып, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлеріне таныстырылды.

Іс-шара барысында көне жәдігерлердің тарихи маңызы, олардың зерттелуі және сақталу ерекшеліктері туралы ақпарат беріліп, халықтың қолында сақталған құнды құжаттарды орталық мамандарына тапсырудың маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas