Іс-шараның мақсаты. Бүгінгі жас ұрпаққа өз отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Мерекелік іс-шара Орталық қызметкерлеріне еліміздің ішкі саясатының құрылымы жайында баяндама жасауға, өз пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік беретін интеллектуалдық ашық алаң болып табылады.
Іс-шара барысында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында “Тәуелсіздік — тұғырымыз” тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері және Ұлттық орталық қызметкерлері қатысты.