Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Беларусь Ұлттық кітапханасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2025 жылдың 23-24 қазан аралығы Минск қаласында Беларусь Ұлттық кітапханасында ТМД, Индонезия, Мали, Мьянма, Оман, Палестина, Сербия, АҚШ, Того және Түркия елдерінің өкілдерінің қатысуымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған “Кітапхана мәдениет феномені” атты ХІІ халықаралық конгресі өтті.
Аталған конгреске Қазақстан Республикасы Мәдениет және  ақпарат министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры, PhD докторы Болдыков Жандос Бекділдаұлы қатысып, «Ұлы Жеңіс қаһармандары. Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы соғыстағы адамгершілік қасиеттері» тақырыбында баяндама жасады.
Конгресс аясында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдыков пен Беларусь Ұлттық кітапханасының Бас директоры Вадим Гигин екі мекеме арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойды.  Тараптар өзара мүддеге негізделген және ынтымақтастық салаларында айқындалған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға келісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas