«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ және «Ғылым ордасы» РМК арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум негізінде «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» жобасы аясында бірлесе кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша тағылымдама өткізілді.
Түркия Республикасының Президенттік ұлттық кітапханасы (T.C. Cumhurbaşkanlığı Millet Kütüphanesi) мен Рами кітапханасында (Rami Kütüphanesi) ұйымдастырылған халықаралық тағылымдамаға қатысушылар қатарында Ұлттық орталықтың Реставрация және консервация бөлімінің суретші-реставраторы С. Ботабеков болды.
Қатысушылар Түркиялық әріптестердің қолжазбалар мен сирек кітаптарға ғылыми сипаттама беру, цифрландыру, каталогтау, реставрация және консервация салалары бойынша теориялық және тәжірибелік білім алды.
Тағылымдама соңында қатысушыларға халықаралық деңгейдегі арнайы сертификаттар табысталды.