https://share.google/mB5eGsI1Ds6t7IsNb
Іс-шараның мақсаты. Әлемдік өркениет тарихындағы ұлы ойшыл, ғалым, философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау; оның философия, логика, музыка, медицина, математика сияқты ғылым салаларының дамуына қосқан зор үлесін жан-жақты талдау; әл-Фарабидің ислам өркениеті мен әлемдік ғылымға ықпалын жас буынға терең әрі ғылыми тұрғыда таныстыру.
Ғылыми семинарда Әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасы, ойшылдың Шығыс Ренессансындағы рөлі, музыка, математика, логика салаларындағы еңбектерінің маңызы, қазіргі заман ғылымындағы әл-Фараби идеяларының сабақтастығы қарастырылды. Сондай-ақ, іс-шарада Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы ғылыми бөлімінің бас сарапшылары, шығыстанушы қызметкерлері және ғылыми қауым өкілдері Әл-Фарабидің өркениет тарихындағы үлесі, “Қайырымды қала тұрғындары трактаты» еңбегінің философиялық мәні туралы баяндамаларын жасады.



