«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің
2026 жылғы 29 қаңтардағы
№ 3-н/қ бұйрығымен бекітілді
 
 
«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-нің
бос лауазымдарына қабылдау қағидалары
 
1. Жалпы ережелер
  1. Осы Қағидалар «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі — мекеме) бос лауазымдарына жұмысқа қабылдау тәртібін айқындайды.
  2. Мекемеге жұмысқа қабылдау тағайындау тәртібімен жүзеге асырылады.
  3. Тағайындау мекеме басшысының шешімі негізінде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
  4. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
  5. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудың негізгі қағидаттары заңдылық, ашықтық, объективтілік, кандидаттардың тең мүмкіндіктері, мүдделер қақтығысына және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу болып табылады.
 
2. Бос лауазым туралы хабарландыру (тағайындау)
  1. Бос лауазымға тағайындау қажеттілігі штаттық кестеде бос орын болған жағдайда туындайды.
  2. Бос лауазым туралы хабарландыру бос лауазым пайда болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде міндетті түрде:
-Enbek.kz электрондық еңбек биржасында;
-мекеменің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
  1. Хабарландыруда келесі мәліметтер көрсетіледі:
-лауазым атауы;
-негізгі функционалдық міндеттері;
-біліктілік талаптары;
-еңбек жағдайлары;
-қажетті құжаттар тізбесі;
-құжаттарды тапсыру мерзімдері мен тәртібі;
-байланыс деректері.
 
3. Құжаттарды қабылдау
  1. Құжаттарды қабылдау бос орын жарияланған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннен кем емес және 10 (он) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
  2. Құжаттар кандидаттар тарапынан хабарландыруда белгіленген көлемде және тәртіппен ұсынылады.
  3. Белгіленген мерзімнен кейін немесе толық көлемде ұсынылмаған құжаттар қаралмайды.
 
4. Кадрларды іріктеу жөніндегі комиссия
  1. Бос лауазымға тағайындау үшін кадрларды іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі — Комиссия) құрылады.
  2. Комиссия мекеме басшысының бұйрығымен құрылады.
  3. Комиссия құрамына басшылық өкілдері, кадр қызметкері, қажет болған жағдайда тиісті құрылымдық бөлімшелердің мамандары енгізіледі.
  4. Комиссия мүшелері:
-объективтілік пен бейтараптылық қағидаттарын сақтауға;
-мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда бұл туралы Комиссия төрағасына дереу хабарлауға және тиісті кандидат бойынша құжаттарды қарауға, талқылауға және шешім қабылдауға қатыспауға міндетті.
  1. Мүдделер қақтығысының туындауы және Комиссия мүшесінің өзін-өзі шеттетуі Комиссия отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсетіледі.
  2. Комиссия отырысы оның құрамының кемінде жартысы қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
  3. Комиссия шешімі алқалы түрде қабылданып, хаттамамен ресімделеді.
 
5. Құжаттарды қарау және әңгімелесуге жіберу
  1. Комиссия кандидаттардың құжаттарын қарап, олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалайды.
  2. Құжаттарды қарау мерзімі оларды қабылдау аяқталған күннен бастап
    5 (бес) жұмыс күнінен аспайды.
  3. Қарау нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірі қабылданады:
-кандидатты әңгімелесуге шақыру туралы;
-себептерін көрсете отырып, әңгімелесуге шақырудан бас тарту туралы.
  1. Қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдер кандидаттарға хабарланады.
 
6. Әңгімелесу өткізу
  1. Әңгімелесу Комиссиямен кандидаттардың кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау мақсатында өткізіледі.
  2. Әңгімелесудің күні, уақыты және форматы кандидаттарға алдын ала телефон немесе мессенджерлер (WhatsApp) арқылы хабарланады.
  3. Әңгімелесу нәтижелері бойынша Комиссия отырысының хаттамасы жасалып, кандидат бойынша ұсыным енгізіледі.
 
6.     Тағайындау туралы шешім қабылдау және
нәтижелерді жариялау
  1. Кандидатты бос лауазымға тағайындау туралы шешімді мекеме басшысы немесе уәкілетті тұлға қабылдайды.
  2. Тағайындау туралы шешім бұйрықпен ресімделеді.
  3. Тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мекеменің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
  4. Жарияланатын ақпаратта:
-лауазым атауы;
-тағайындалған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
-шешім қабылданған күні көрсетіледі.
 
  1. Тағайындау нәтижелеріне шағымдану құқығы
  2. Бос лауазымға үміткер кандидаттар тағайындау нәтижелеріне шағымдануға құқылы.
  3. Шағым жазбаша түрде мекеме басшысының атына беріледі.
  4. Шағым түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.
  5. Қабылданған шешім туралы шағым иесіне жазбаша түрде хабарланады.
 
9.  Қорытынды ережелер
  1. Осы Қағидалар мекеме басшысының бұйрығымен қолданысқа енгізіледі.
  2. Осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар мекеме басшысының бұйрығымен енгізіледі.
Национальный центр рукописей и редких книг

O центре

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas