Бүгін Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі H.E. Dr. T.V. Nagendra Prasad және Үндістан мәдени орталығының бірінші хатшысы, директоры Mr. Sanjay Vedi арнайы келді.
Кездесу барысында Үндістан елшісі орталықта сақталатын бірегей қолжазбалармен, сондай-ақ Қазақстан мен Үндістан арасындағы тарихи байланыстарға арналған зерттеулермен танысты. Ұлттық орталық қызметкерлері түрлі тарихи кезеңдерде Үндістанда тұрған қазақтар туралы деректермен бөлісті.
Сонымен қатар, 2022 жылы Ұлттық орталықтың ғалымдары мен сарапшылары Қазақстанның тарихына қатысты көне қолжазбаларды және тарихи құжаттарды анықтау мақсатында Үндістанға барған болатын. Бұл сапар екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға көмектесті.
Біз ғылым мен мәдениет саласындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қуаныштымыз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!