Қорлар

Бүгінде ұлттық орталықтың  қоры  9 мыңнан асады. Оның ішінде 2000-ға жуығы ерекше құнды кітаптар. 300-ден астамы ІХ-ХХ ғасырларда жарық көрген араб, парсы, түркі шағатай, көне өзбек, татар тілдеріндегі ойшылдардың, ғалымдардың және басқа да авторлардың сирек кітаптары.

 Сонымен қатар, 19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың басында төте жазуында, латын графикасында жарық көрген кітаптар; 1880-1916 жылдар аралығындағы Ақмола, Торғай, Сырдария, Орал, Семей, Жетісу облыстары бойынша егіншіліктің, демографияның, мал шаруашылығының және басқа да салалардың дамуын сипаттайтын статистикалық шолулар; Петр I мен Екатерина II тұсында жарияланған және 1830 жылдары қайта шығарылған Ресей империясының заң кодекстері; миниатюралық кітаптар жинағы.

Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының араб тіліндегі кітап жинағы

Жауапты редакторлар: Жандос Болдыков, Махмуд Ерол Килич Құрастырушылар:Аширбек Муминов, Камшат Паримбекова, Селахаддин Уйгур, Алмат Абсаликов, Ануар Арыкбаев.
Каталогта Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорындағыарабографиялық кітаптардың ғылыми сипаттамасы берілген. Ғылыми сипаттамалар үшнегізгі бөлімге бөлінген, қолжазбалар, литографиялық кітаптар жәнетипографиядан басылып шыққан араб, парсы, шағатай, татар және басқа датілдердегі сирек кездесетін кітаптар. Араб жазуындағы шығармалардың көпшілігіXIX-XX ғасырларда шыққан діни әдебиеттер. Мұнда философия, логика, этика, фиқх,калам, Қасиетті Құранға түсініктемелер және хадистер бойынша еңбектеренгізілген. Сонымен қатар, араб грамматикасы, риторикасы, шешендік өнер жәнесөздіктер бар. Парсы тіліндегі шығармалар поэзия және парсы тіліне аударылғанараб грамматикасы жайлы еңбектер. Түркі тіліндегі кітаптардың қатарында классикшағатай, түркі-татар, түрік, азербайжан және қазақ тіліндегі шығармалар енген.Кітаптардың аясы әртүрлі, ал- Фузули мен ан-Науаи поэзиясынан Құрантәпсірлеріне дейін және тарих бойынша хроникалық жұмыстарды да қамтиды. Бұлкітаптардың барлығы XIX ғ. екінші жартысы мен ХX ғасырдағы қазақ қоғамыныңрухани және зияткерлік мәдениетінен көрініс береді.           Каталогшығыстанушы-ғалымдарға, исламтанушыларға, тарихшыларға, философтарға жәнеқолжазба кітабының тарихы қызықтыратын қалың оқырманға арналған.

КАТАЛОГ-АЛЬБОМ

ШЕТЕЛДІК ҚОРЛАРДАҒЫ ҚҰНДЫ ЖАЗБА МҰРАЛАР

Редакциялық коллегия: Р. Али, Ж. Болдыков, К. Пәрімбекова

Құрастырушылар: А. Абсаликов, Г. Бисенова, С. Ботабеков, Ә. Жабықбай, Н. Жақан

Бұл каталог-альбомда Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының «Архив-2025» жобасы аясында Түркия, Ресей, Иран Ислам Республикасы, Мысыр, Катар мемлекеттері бойынша көшірмесі әкелінген сирек қолжазбалар мен құнды кітаптардың сипаттамасы берілді. Жинаққа қазақ жерінен шыққан әл-Фараби, Саади Түркістани, Хусам ад Дин Сығнаки, Йусуф Сайрами, әлИсфиджаби, Махмуд Чурос және т.б. ғұламалардың еңбектері енгізілді. Аталған жинақ тарихшы, шығыстанушы, түркітанушы және археограф мамандар мен деректанушы зерттеушілерге, сонымен қатар, еліміздің тарихы қызықтыратын әрбір оқырман үшін маңызды ақпараттық құрал болып табылады.

Қазақстан тарихы шетел мұрағаттарында (XVI-XX ғғ.)

Ақпараттық анықтамалық Ресей мемлекеттік көне актілер архиві,  Ресей империясының сыртқы саясат архиві, Ресей Федерациясының Мемлекеттік архиві, Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяситарихы архиві, Ресей мемлекеттік экономика архивінен алынған құжаттар есебінен құрастырылған. Хронологиялық шеңбері XVI-XX ғғ. құрайды.

Том 1

Ресей мемлекеттік көне актілер архиві Ресей мемлекеттік көне актілер архиві, мекеме қорлары- 2 284 353 сақтау бірлігі; сақтау.; қолжазба кітаптары-12.597 бірл. сақ. Ғылыми техникалық құжаттама-792 405 бірлік.

Том 2

Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивіРесей мемлекеттік әскери-тарихи архиві 13.036фф. (3.250.957 сақтау бірлігі); ғылыми-техникалық құжаттама -15 фф. (131 795сақтау бірлігі));түпнұсқалар құқығындағы микроформалар-сақтау бірлігі. 1 ф. (77 сақ.бір.)

Том 3

Ресей мемлекеттік тарихи архиві Ресей мемлекеттік тарихи архиві-Ресей империясының тарихына қатысты 6,5миллион құжатты құрайды. Барлығы мұрағат қорының көлемі шамамен 7,2 миллион сақтаубірлігі.

Том 4

Орынбор облысы мемлекеттік архивіАқпараттық-анықтамалықтың 4 томында Орынбор облысы мемлекеттік архивінің 9 мыңнан аса қор құжаттарыныңҚазақстан тарихы туралы XVIII- XX ғ. I жарт. баяндалған.

Том 5

Омск облысы мемлекеттік тарих архивіАқпараттық - анықтамалықтың 5-томында архивқорының 4 мыңға жуық ісі Қазақстантарихы бойынша XVIII – XX ғғ. қамтитын деректер енген.

Том 6

Ресей мемлекеттік кинофото құжат архиві6 томда Ресей Федерациясының архив қорларындағы XVIII – XX ғғ. қамтитындеректер құрайды.

Том 7

Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттікархиві7 томның (I бөлімі) Өзбекстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің3 мыңнан аса қор құжаттары, сондай-ақ Ташкент облыстық және қалалықархивтеріндегі XIX-XX ғғ. қамтитын құжаттар енген.

Том 8

Ақпараттық анықтамалықтың 8 томында мұрағаттар мен кітапханалардаанықталған және алынған Армения, Грузиясияқты елдердің мұрағат қорларындағы құжаттардың (көшірмелердің), сондай-ақВенгрия, Ұлыбритания, Германия, Египет Араб Республикасы, Италия, Испания, АҚШ,Қытай, Түркия, Франция елдерінен алынған құжаттар құрайды. Құжаттар XVI-XXғасырлар аралығын қамтиды.

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas