Қолжазбалар жəне сирек кітаптар – ұлттық тарихымыздың рухани қазынасы

Қолжазбалар жəне сирек кітаптар – ұлттық тарихымыздың рухани қазынасы. Елдің сан ғасырлық рухани, саяси өмірінен, мəдениеті мен тарихынан мол мағлұмат беретін асыл мұраларымыздың құндылығы қашан да жоғары бағаланған. Өйткені сирек кездесетін қолжазбалар мен алуан түрлі сирек басылымдардың түп нұсқалары – бағзы заманнан бүгінге дейінгі тарихи ұзақ мерзімді қамтитын, əртүрлі тілдерде жазылған баға жетпес, құнды жəдігерлердің бірі. Осы орайда, Қазақстанның ұлттық тəуелсіздігін тарихи тұрғыдан баянды етуде жазба мұралардың маңызы ерекше. Ол мұраларда елдік идеямыздың қалыптасуының тарихи даму жолы көрініс береді. Көне түркіден бастап бүгінгі күнге дейінгі өзінің рухани əлемінде 16 жазу үлгісінде жазба мұра қалдырған қазақ ұлтының тарихи, əдеби-мəдени жəдігерлері осы уақытқа дейін ғылыми тұрғыдан жинастырылып, жүйеленіп, сипаттама берілген жоқ, қазақ тіліне де тұтастай аударылмай келеді.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы жолдауларында елдің рухани жəне мəдени дамуына аса көңіл бөліп отырады. «Тəуелсіздік бəрінен де қымбат» атты салмақты да салиқалы мақаласында халқымыздың санасындағы ауыр ойды серпілтіп, кемел келешекке нық қадамдарды көрсете келе, еліміздің ғалымдарына қазақ тарихын қайта зерделеп, академиялық жаңа тарихын жазуды дереу қолға алуды тапсырды. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында: «Қазір əлем күн сайын емес, сағат сайын өзгеруде. Барлық салада жаңа міндеттер мен тың талаптар қойылуда. Ғылымдағы жаңалықтар адамды алға жетелейді. Ақыл-оймен ғана озатын кезең келді» — деп, ғылым мен білім жəне мəдениет салаларында атқаратын қыруар шараларды да көрсете келе, мəдени құндылықтарымызды сақтау мен зерттеу арқылы оларды ел ертеңі жастарымызға насихаттауымыз, бүкіл əлемге паш етуіміз керек деген болатын.

Еліміздің ерте тарихынан сыр шертетін қолжазбалар мен сирек кітаптар мұрасын жинақтап, ғылыми айналымға енгізуді мақсат еткен «Қолжазбалар жəне сирек кітаптар ұлттық орталығы» 2017 жылы ашылған болатын. Ұлттық орталық – Қазақстандағы жəне шетелдердегі еліміздің тарихына қатысы бар құнды жазба деректерді бір орталыққа жинау, сақтау, зерттеу, аудару жəне ғылыми айналымға қосу арқылы болашақ ұрпаққа жеткізу мақсатында ашылған тұңғыш орталық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев (ол кезде – ҚР Парламент Сенатының Төрағасы) орталық ашылған жылы арнайы келіп, жинақталған құнды мұралармен танысты. Көнеден келе жатқан рухани мұраларымызды көріп, атқарылған жұмыстарға өзінің ризашылығын білдірді. Болашақта ұлтымыздың асыл мұраларын өз деңгейінде сақтап, келер ұрпаққа жеткізер жолда атқарар еңбектеріңіз орасан деп, -орталық жұмысына сəттілік тілеген болатын

1940-60 жылдар арасында Академик Қ.Сəтпаев, М.Əуезов жəне І.Кеңесбаевтар Ғылым Академиясының қорына құнды қорды жинауды бастап, ұзақ жылдары осы бағытта жұмыс атқарған. Атқарылған ауқымды жұмыстың нəтижесінде сол кітапханада мыңдаған құнды қолжазбалар жиналған болатын. Осы бағытта ауызша жəне жазбаша мұраларды жинаумен ғалымдар Ə.Диваев, Ə.Марғұлан, Ш.Құсайынов, М.Хакімжанова, Ф.Ғабитова, Ы.Темірғалиев, Қ.Қаңтарбаевтар да айналысты.

Қазіргі таңда Қолжазбалар жəне сирек кітаптар ұлттық орталығының сирек қоры 2000-ға жуық. Қазақ халқы мəдениетінің, түркі тілдес басқа халықтардың жазба əдебиеті мен кітап мəдениетінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ойшылдардың, даналардың, ғалымдардың жəне т.б авторлардың ХІХ-ХХ ғғ. жарық көрген араб, парсы, түркі (шағатай, көне өзбек, татар) тілдеріндегі 300-ден астам сирек мұралары сақтаулы. Сонымен қатар, ХХ ғ. басылып шыққан төте жазудағы, латын графикасындағы кітаптар, қазақ ағартушылары мен ғалымдарының еңбектері, батыс жəне орыс зерттеушілерінің еңбектері, І Петр мен ІІ Екатеринаның кезіндегі 1649 жылдан басталатын Ресей империясының заңдар жинағы, 1890 жылдан басталатын Ақмола, Торғай, Сырдария, Орал, Семей облысы, Жетісу өңірі бойынша ауыл шаруашылығы, демография, мал шаруашылығы т.б. саланы қамтитын статистикалық шолулар, шағын кітаптар коллекциясы жəне көне сөздіктер мен энциклопедиялар бар

Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан қашанда ұлттың мəдени мұрасы мен жазба деректеріне үлкен мəн берген. 1946 жылы Қазақстанда Ғылым Академиясы құрылып, республика ғылымының бас штабы болып, еліміздегі ғылыми-зерттеу жұмысының үйлестірушісіне айналды. Осы тұста Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, академик, көрнекті мемлекет, қоғам қайраткері, əлемге əйгілі ғалым Қаныш Сəтбаев көне қолжазбалар мен кітаптарды жинақтау жөнінде бастама көтерді. Сол кездегі ұлы ғалымдардың атқарған көлемді жұмыстарының арқасында бірегей сирек қор жинауға мүмкіндік туды. Содан бері республиканың барлық кітапханалары мен ғылыми ұйымдары жазба мұраларды жинау жəне сақтау бойынша жауапты жұмыстарға кірісті.

Еліміз тəуелсіздік алғалы көптеген жетістіктерге жетті. Алайда мемлекет үшін маңыздылығы кем емес, əлі де шешімін таппаған мəселелер жетерлік. Оларды дамытуға басымдық беру керек. Білім, ғылым мен мəдениет – бай тарихымызды сақтап, идеологияны дұрыс құру арқылы, əлемдік прогрестің векторында дұрыс жəне жылдам дамуға мүмкіндік беретін негізгі салалар. Жоғары интеллектуалды патриоттық қоғамды қалыптастыру білім мен мəдениетке тікелей байланысты.

Қазір сөз біздің тарихи Отанымыздың Қолжазбалар мен сирек кітаптар қорлары туралы болмақ. Ежелгі заманнан қолжазба басылымдары сол заманның толық ақпаратын өзінде сақтайтыны белгілі. Қолжазбалар елдің саясат, экономика, география, тарих, мəдениет жəне адамзаттың тыныс-тіршілігімен байланысты басқа да салаларын қамтиды.Кеңес дəуірінде көне шығыс қолжазбаларына көбірек көңіл бөлінді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, оларды сақтау, пайдалану мəселелері де ерекше бақылауда болды.

Бүгінгі күні əр кітапханада, архивтерде, ЖОО-да, музейлерде жəне басқаларда қолжазбалар мен сирек кітаптардың өз қорлары бар. Алайда қор деректері заманауи сақтау стандарттарына сəйкес келмейді, кəсіби реставрация мен сканерлеу жұмыстары тиісті деңгейде атқарылмауда. Ел бойынша орталықтандырылған жүйе қалыптаспаған. Көне жазбалар мен сирек кітаптарды жинақтау, сараптау, сатып алу бойынша нормативтік құқықтық актілер жоқ. Көптеген тарихи дереккөздер дұрыс сақтау технологиясы мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеуінен біртіндеп жойылуда.

Шындығына келгенде қазіргі таңда Қазақстан əлемдік аренада Қолжазбалар мен сирек кітаптарды дəріптеу, сақтау жəне пайдалану мəселелерін дамыту бойынша өзге елдерге жол береді.

ҚОЛЖАЗБАЛАР ЖƏНЕ СИРЕК КІТАПТАР ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТАРИХЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 321 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің «Қолжазбалар жəне сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (əрі қарай – Ұлттық орталық) болып құрылды. Мекеменің салтанатты ашылу рəсімі 2017 жылы 10 маусымда («EXPO-2017» Халықаралық көрмесі аясында) өтті.

Мекеме қайта ұйымдастыру арқылы құрылып, Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігіне қарасты республикалық мемлекеттік мекеме болып бекітілді. Қазіргі штат саны 23 (жиырма үш) бірлікті құрайды. Бұл ұйым көне қолжазбалар мен сирек кітаптарды іздеу, қалпына келтіру, сканерлеу жəне сақтау мақсатында құрылған. Орталық қалпына келтіру жұмыстары мен цифрландыру үшін соңғы технологиямен жабдықталған.

Салыстырмалы түрде штат құрамы шағын болса да, өз саласының білікті мамандары белсенді жұмыс істейді. Атап айтқанда, тарих ғылымдарының докторлары, көне тілдегі лингвистер, реставрация бойынша үздік мамандар (шетелдік жетекші орталықтарда білім алған). Бүгінгі күні Орталық халықаралық аренада өз беделін қалыптастырды. Орталық базасында саланы сақтауға жəне насихаттауға бағытталған көптеген ғылыми іс-шаралар (конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, семинарлар, шеберлік сабақтары, материалдарды жариялау жəне т.б.) өткізіледі

Ұлттық орталықта 5 бөлім жұмыс атқарады:

1) Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі; 2)Реставрация жəне консервация бөлімі;

3) Есепке алу, сақтау, көрме жəне оқу залдарының жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі; 4) Жариялау-баспа бөлімі;

5) Əкімшілік-қаржылық бөлім.

Ұлттық орталық құрылғаннан бастап ҚР Ұлттық архивінің ғимаратында өтеусіз пайдалану шартымен орналасты. Екі жəне одан да көп ұйымдардың бір ғимаратта болуы жиі тəжірибеге түскенімен, мекеме күзетілетін (режимдік) объект болып табылатынына байланысты басқа ұйымдарға жұмыс істеуге жол берілмейді деп есептеледі. Ұлттық архивте жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін арнайы жұмыс кестесі бекітіліп, демалыс жəне мереке күндері толық жабылады. Сондай-ақ, шетелдік азаматтардың келуіне бірқатар шектеулер бар. Бұл шарттардың барлығы ҚР заңнамасымен белгіленген жəне оларды сақтау міндетті, өйткені еліміздің бас архивінде ең құнды жəне құпия құжаттар сақталған.

Өз кезегінде Ұлттық орталықтың ғимараттарды пайдалануға толық құқығының болмауына байланысты өзінің отандық жəне шетелдік əріптестеріндей өз қызметін толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ. Əлемдік тəжірибені назарға ала отырып, ұқсас орталықтар елдің мəдени мұрасын дəріптеумен айналысатын мəдени орталық ретінде жұмыс істейді. Бұл үшін Ұлттық орталық ғимараты шетелдік қонақтардың барлық азаматтары үшін қолжетімді болуы тиіс. Сондай-ақ, Ұлттық орталық ғимаратының құрылымы ұсақ-түйектерге дейін ойластырылып, жаңа технологиялық құралдармен жабдықталуы тиіс.

 

Ұлттық орталықтың негізгі мақсаты:

—         Отанымыздағы жəне шетелдердегі Қазақстан тарихына қатысты қолжазбалар мен сирек кітаптарды, құжаттарды (көшірмелерін) анықтау, жинау, сақтау, қалпына келтіру, зерттеу, ғылыми айналымға қосу жəне пайдаланушыға ұсыну;

—        Қазақстан Республикасының сирек қолжазбалар мен кітаптарының орталықтандырылған қорын құру жəне «Қазақстанның сирек қолжазбалары мен кітаптары» мəліметтер базасын қалыптастыру;

—        Қазақстан тарихына қатысты көне қолжазбалар мен кітаптарды анықтау жəне сақтау болып табылады. Ұлттық орталықта білікті тарихшылар, шығыстанушылар, араб, парсы, төте жазу, хадим, қытай жəне т.б. тілдерді меңгерген мамандар жұмыс істейді. Қорды бағалы қолжазбалардың түпнұсқаларын алу жолымен толықтыру мен көшірмелерін алу арқылы жүзеге асыру

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas