
Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Жошы ұлысына 800 жыл: Өркениеттер тоғысындағы тарихи мұра» тақырыбында ғылыми конференция өтті. Ғылыми шараның басты мақсаты – Жошы ханның тарихи мұрасын, Алтын Орда тарихындағы рөлін және аймақтың саяси-мәдени дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеу. Бұған қоса Жошы хан мен ұрпақтарының бейнесін, қазақ халқының…