Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мәдени байланысы тереңдей түсуде

15 шілде күні Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мырзамен кездесу өтті.
Кездесу барысында қос тарап архив, кітапхана, реставрация және ғылыми зерттеу бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Елші Хань Чуньлинь мырза Қытай мен Қазақстан – тамыры терең, тарихы өзара сабақтас, сан ғасырлардан бері достықта өмір сүріп келе жатқан көрші елдер екенін айтты. Сонымен қатар, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы үшін Қытай тарапымен бірлесе жұмыс істеудің маңызы зор екенін жеткізді.
Сондай-ақ іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Мемлекеттік саясат және нормативтік-құқықтық реттеу басқармасының жетекшісі Тащанова Салтанат Нуртасовна сөз сөйлеп, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік архив басқармасы арасында архив ісі саласындағы ынтымақтастықты кеңейту 2025–2027 жылдарға арналған бекітілген жоспарын орындау туралы пікірін білдірді.
Ұлттық орталықтың директоры Жандос Болдыков мекеменің қызметімен таныстырып, ғылыми іс-сапарлар ұйымдастыру және тәжірибе алмасу туралы ұсыныстар жасады.
Бұл кездесу – үлкен істің бастамасы. Алдағы уақытта Қытай Халық Республикасымен бірлескен жобалар, ғылыми іссапарлар мен мәдени байланыстар жалғасын табады деген сенімдеміз.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas