Мағауиянова Толқын Қалымқызы

Бөлім бастығы
Телефон 8 (7172) 76 90 43
e-mail wave_mag@mail.ru
МАҒАУИЯНОВА ТОЛҚЫН ҚАЛЫМҚЫЗЫ 1975 жылы Шығыс-Қазақстан облысы Күршім ауданы Жылытау ауылында дүниеге келді.
1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих мұғалімі» мамандығы бойынша, 1995 жылы Өскемен қаласы техникалық училищесін «Электрондық есептеуіш техникасының операторы» мамандығы бойынша бітірген.
Келесі біліктілікті арттыру курстарынан өтті:,
  1. 2009 жылы Microsoft корпорациясы, «5061A Microsoft Office SharePoint Server 2007 енгізу»;
  2. 2011 жылы NAT Kazakhstan, «Пайдаланушыларға арналған Groove ынтымақтастық жүйесі»
  3. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы. «Мемлекеттік құпияларды қорғау»
  4. 2022 жылы «Professional Education Company» оқыту және біліктілікті арттыру орталығы, «HR практик».
2000 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарында ақпараттық-техникалық орталықтыңIT маманы болып қызмет етті. Қызметі барысында ҚР ҰҰ әскери қызметкерлерін ұйымдастыру және есепке алу бойынша бизнес-процестерді автоматтандыру бөлігінде «Мақсат» АЖ әзірлеу, енгізу және қолдау бойынша жобаны басқарды.
2023 жылдан бастап «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ Жариялау-баспа бөлімінің бастығы болып жұмыс істейді. «ULY DALA MURASY» журналының жауапты редакторы.
I, III дәрежелі «МІНСІЗ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН», «ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» медальдарымен марапатталған.
Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas