Онлайн қабылдау

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның басшысына немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Сұрақтар

Ұлттық орталық қазіргі таңда 30-дан аса отандық, 10-нан аса шетелді кұйымдармен қарым-қатынас жасауда. Реставратор мамандар мен қызметкерлер Түркия,Ресей, Өзбекстан, Иран, Армения, Жапония, Корея елдерінде біліктіліктерін көтеріп, тәжірибе алмасып қайтты.

Ұлттық орталықта қолжазбалар мен сирек кітаптарды сақтайтын арнайы қор бар.Қорға түскен көне кітаптар алдымен дизенфекциядан өтеді, содан кейін қажетінше реставрация жұмыстары жасалады, ары қарай кітап қорға сақтауға жіберіледі.

Қазіргі таңда Ұлттық орталықтың қызметкерлері шетелдік кітапханаларда сақталған ортағасырлардағы Қазақ мемлекетінің тарихынақатысты құнды еңбектердің анықтап, оларды аударумен және ғылыми айналымға енгізумен, сондай-ақ  жазба деректер менорталықты республикалық денгейде, медиа ақпарат салаларында, оқушылар мен студенттер арасында кең насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орталықтың қызметкерлері өзге қалаларға ғылыми экспедициялық жұмыстарын да ұйымдастырып,ол жерлерде мәдениетімізді танытуда.

2018 жылы 15 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Реставрация және консервация» зертханасының ашылуы болды. Зертхана толық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді және қағаз жүзіндегі құжаттарға толық қалпына келтіру және дезинфекция, дезинсекция,  жұмыстарын атқара алады.

Қолжазба қорында жинақталған шығармалар араб, парсы, тәжік, түрік, татар,шағатай, түркі тілдерінде жазылған және ХІХ-ХХ ғасырларға жатады. Бұлшығармалар тарих, әдебиет тарихы, философия, құқық, астрономия, физика, химия,медицина, тіл, фармакология, география, музыка, математика, минералогия,бейнелеу өнері және т. б. түрлі мәселелерге арналған.

Бізбен байланысыңыз

Для заполнения данной формы включите JavaScript в браузере.
Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas