Наурыз- бір ұлттың тұтас тарихындағы ұлт болып қалыптасуындағы келелі оқиғалар мен ғасырлар бойы басып өткен өмір жолдарын, наным- сенімдерін, салт-дәстүрлерін, ғұрып -әдеттерін, соған орай туған әдебиеті мен мәдениетін түгелдей айшықтап көрсететін мейрам. Осы тұрғысында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай “Наурыз – ұлттық дәстүрімізді жаңғыртудың бастауы” атты интеллектуалдық дәрісі өтті. Іс-шараға Астана Халықаралық университеті Тарих мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Студенттер Наурыз мейрамы жайында тың деректерді тыңдап, өз білімдерін сынап қайтты. Интеллектуалдық дәріс 3 бөлімнен (танымдық сұрақтар, желдірме сұрақтар және күрделі сұрақтар) тұрды. Студенттер 3 топқа бөлініп, тартысты ойын көрсетті. Белсенділік танытқан студенттерге Ұлттық орталық атынан Алғыс хаттар табысталды. Гуманитарлық ғылымдар профессоры, “Қазақстанның құрметті журналисі” Баймұханов Мұхаметқали атамыз Наурыз мейрамының ерекшелігі жайында баяндап, құттықтауын өлең жолдарымен білдіріп, жастарға өз батасын берді.