Бүгін Түркия Республикасы Премьер-Министрі Кеңесі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің Қазақстандағы координаторы Хикмет Озденоглу Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына арнайы келді.
Кездесу барысында Ұлттық орталық директоры Жандос Болдыков мәртебелі мейманға орталық жұмысы туралы кең мәлімет берді. Өз кезегінде Агенттік өкілі Ұлттық орталықтың мәдени мұраны дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, жылы пікірі мен ізгі ниетін білдірді.
Кездесу соңында Хикмет Озденоглу Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұжымына зор ілтипатын білдіріп, құрметті меймандар кітабына естелік жазба қалдырды. Сондай-ақ алдағы уақытта екі ел арасындағы мәдени-рухани ынтымақтастық өз жалғасын таба беретінін жеткізді.





