Болдыков Жандос Бекділдаұлы

Директор
Телефон 8 (7172) 769 037
e-mail book.mks@mail.ru
1984 жылы Алматы қаласында туған.
2005 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша, 2011 жылы «Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетін бітірген.
2012 ж.Т.Жүргенов атындағыҚазақ ұлттық өнер академиясында «Театр режиссері» мамандығы бойынша Магистр дәрежесін алған. 2019 жылы Т.Жүргенов атындағыҚазақ ұлттық өнер академиясындадокторантураны аяқтады, «Өнертану» мамандығы бойынша Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.Мәдени дамуды зерттеу бойынша АҚШ-та, Оңтүстік-Шығыс Миссури университетінде (2017, 2018ж.ж.) шетелдік тағылымдамадан өтті.
Мәдениет саласында 20 жылдан астам еңбек етеді.Осы жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне қарасты мемлекеттік органдарда қызмет етті.
2005 жылдан «М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік академиялық драма театры» РМКҚ – заңгер,2010 жылдан – директордың орынбасары;2014 жылдан 2019 жылға дейін «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында – корпоративтік хатшы;2019 жылдан бастап «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры болып жұмыс істейді.
Ғылыми еңбектер мен мақалалардың авторы, «ULY DALA MURASY» журналының бас редакторы, мұрағат және кітапхана ісі жөніндегі ғылыми кеңестердің мүшесі, ЮНЕСКО-ның «Әлем жадысы» бағдарламасының Ұлттық комиссиясының мүшесі. «AMANAT» партиясы мен «MIRAS» республикалық қоғамдық кеңесінің мүшесі.
 
Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas