Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Қазақстан тарихына қатысты маңызды деректерді анықтау бойынша ғылыми іссапарын Британияның ұлттық кітапханасында жалғастыруда.
Британияның ұлттық кітапханасы— Еуропадағы ең үлкен және Вашингтондағы АҚШ Конгресс кітапханасынан кейінгі әлемдегі екінші үлкен кітапхана. Британ кітапханасының коллекциясы 150 миллионнан астам бірлікті қамтиды. Көптеген танымал тілдерде жылына 3 миллион жаңа кітап қосылып отырады. Қолжазбалар қоры, карталар, газеттер, журналдар, гравюралар мен суреттер, ноталар сақталған.
@madeniet__aqparat__ministrligi
@mfa_kz
@kazakhembassy_uk




