Түркияда бас қосты

Egemen Qazaqstan

Egemen Qazaqstan

Ыстанбұл қаласындағы Мимар Синан Көркемөнер университетінде «Архив құжаттары бойынша 1940–1950 жылдары қазақтардың Үндістан мен Пәкістаннан Түркияға қоныс аударуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына көш тақырыбын зерттеуші Қазақстан, Үндістан және Түркия мемлекеттерінің белгілі ғалымдары қатысты.

Алқалы жиын барысында аталған көш­тің тікелей куә­гері болған, Пәкістандағы қиын өмірді бастан кешіріп, есте­ліктерін өлең түрінде жет­кізген Зейнел Сүрмелі қазақ және түрік тілдеріндегі «Көш және сағыныш» атты өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті. Еске салсақ, 2022 жылы Қол­жазбалар жəне сирек кітап­тар ұлттық орталығының ға­лымдары «Архив – 2025» жобасы аясында Түркияға барған іссапарында Зейнел Сүрмелінің көш барысында жазылған төте жазудағы өлеңдерінің түпнұсқа қолжазбаларын, хаттарын, құжаттарын алған еді. Орталық мамандары ақын өлеңдері мен хаттарын төте жазудан қа­зіргі жазуға көшірді, ал түрік тіліндегі нұсқасы Мимар Синан университетінің профессоры Әбдіуақап Қараның қолдауымен басылып шықты.

Сондай-ақ Ұлттық орталық ғалымдарының өткен жылдары Түркия, Үндістан, Ұлыбританияға ғылыми экспедициясы барысында аса маңызды ғылыми жаңалықтар ашылған еді. Атап айтсақ, қазақтардың XX ғ. 40–50 жж. Алтайдан басталған көштің Үндістан, Пәкістан арқылы Түркияға жеткендігі жөніндегі тың архив құжаттары қолға түсті. Ғалымдар осы көш арқылы қазақ тарихы әлемдік мәнге ие тарихи кезең жан-жақты терең зерттеліп, зерделенуі қажет екенін айтады. Тарихтың жаңа беттерін ашатын құнды архив деректерін ғылыми айналымға енгізу – басты міндет.

Конференция барысында Үндістан, Қазақстан және Түркияда сақталған архив құжаттарының негізінде қа­зақтардың қаралы көш тарихын терең зерттеу үшін халықаралық деңгейде бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізу келісілді.

TÜRKSOY ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев бұл еңбектерді түркі мәдениетіне қосқан елеулі үлес деп бағалап, еңбегі сіңген азаматтарға Алғыс­хат табыстады.

Маржан ҚУАТҚЫЗЫ,

журналист

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рубрики

Последние публикации

eBook App for FREE

Lorem Ipsum is simply dumy text of the printing typesetting industry lorem.

Категории

Национальный центр рукописей и редких книг

Языки

KZ

RU

EN

8(7172)76-90-60

Республика Казахстан г. Астана, бульвар Нұржол 12

© 2024 Created with Muhsas